Жаз мезгілінде Шалқар көлінде муниципалды жағажай жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Келушілер санының жыл сайын артуына байланысты жағажайды жаңғырту, оны кешенді түрде жақсарту және инфрақұрылымды кеңейту жоспарланып отыр. Ұлан ауданы әкімі Арман Бекбосыновтың айтуынша, мердігермен кездесу өткізіліп, онда жобаның негізгі бағыттары мен мерзімдері нақтыланған.
- Жоспарланған жұмыстарға жағажай аумағын кеңейту, қосымша шезлонгтар мен қолшатырлар орнату, беседкалар салу, қайықтар мен басқа да су көліктеріне арналған тұрақ ұйымдастыру, құтқару мұнараларын және медициналық пункт орнату кіреді, - деді аудан басшысы.
Пікірлер