Облыста аймақтағы балық шаруашылығын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жоба аясында Зайсан көлінде балық өнімдерін қайта өңдеу кешенімен қатар шабақ өсіретін зауыт салу жоспарлануда. Аталған бастама Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапановтың азаматтарды қабылдау барысында талқыланды. Жобаны іске асыру кезінде шетелдік серіктестер тартылуы мүмкін.
Жаңа өндірістік кешен жоғары қосылған құны бар өнім шығаруды реттеп, ішкі нарықты сапалы балық өнімдерімен қамтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сондай-ақ жоба барысында экология мәселесіне ерекше назар аударылмақ. Ал шабақ өсіру зауытының құрылысы балық ресурстарын толықтырып, Зайсан көлінің биоресурстарын ұтымды пайдалануға ықпал етуі тиіс.
Фото: egemen.kz
Пікірлер