A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 10:20 0

ШҚО-да салықтан жалтару схемасына шенеунік те қатысқан

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Усть-Каменогорск инерт" ЖШС атынан жалған шот-фактуралар рәсімдеумен айналысқан бір топ тұлғаның заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тергеу амалдарына сай, 2023 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында күдіктілер азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау ниетінсіз, ауыр техникаға арналған қосалқы бөлшектер жеткізілгені туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жүйелі түрде рәсімдеп отырған.

Бұл құжаттар арқылы олардың серіктестері корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоса алғанда, салық төлеуден заңсыз жалтарған.

Аталған заңсыз схемаға Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері де қатысқан. Ол салықтық бақылаудан кедергісіз өту үшін қажетті жалған құжаттарды рәсімдеуге көмектескен.

Қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың жалпы көлемі 356 млн теңгені құрады.

Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 91 млн теңгеден астам ірі залал келтірілген.

Сот санкциясымен күдіктілердің 3 пәтері мен бір автокөлігіне тыйым салынды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив