A+ A A-

talgatzhan 44 Кеше, 12:10 0

Серебрянск қаласында форель шабақтарын өсіретін зауыт салынып жатыр

Бүгін / Алтай

Аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарованың айтуынша, балық шаруашылығынан бөлек, болашақта үш шағын су электр станциясын салу жоспарланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тауларда барлау жүріп жатыр

Мәлім болғандай, Серебрянск қаласында «Алтайская форель» ЖШС форель шабақтарын өсіретін жаңа зауыт құрылысын жүргізуде. Ал Ермаковка ауылындағы «Гранд Фиш» кәсіпорны өндіріс көлемін 2029 жылға қарай 1200 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұдан бөлек, болашақта аудан аумағында 3 шағын су электр станциясын салу жоспарланған. 
– «Бұқтырма Цемент Компаниясы» өндірісті жаңғыртуға 3 млрд теңге инвестиция салып, цемент өндірудің заманауи құрғақ тәсіліне көшуді жоспарлауда. Сонымен қатар, «Фаворит» ЖШС  жануы қиын фанера өндіру желісін іске қосуға дайындық жүргізуде. Жоба құны – 485 млн теңге. Өндірісті іске қосу 2026 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған, – деді Жанна Асқарқызы.
Сонымен қатар, тау-кен және өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында бірқатар маңызды жұмыс қолға алынған. Қазір Малеевск, Никольск және Чапаев ауылдық округтерінде полиметалл кендерін барлау жұмыстары жүргізілуде.

Сүт өндірісі артады

Әкімнің орынбасары ауданда сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Полянское ауылында «Мойылды-Байқоңыр» ЖШС 1075 басқа арналған заманауи тауарлы-сүт фермасын іске қосылған. Бүгінде кәсіпорын тәулігіне 1000 л сүт өткізуде.
– Тағы 5 ірі шаруашылық жаңа сүт фермаларын салуға дайындық жұмыстарын бастады. Жобалардың жалпы инвестиция көлемі 31 млрд теңгеге жетті. Бұл бастамалар нәтижесінде 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, сүт өндірісі жылына 23 мың тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Сондай-ақ пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы  5765 гектар жер қайтарылды, – деді Жанна Асқарқызы. 

Кәсіпкерлерге қолдау бар ма?

Мәлім болғандай, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ондаған жоба қаржыландырылды. Былтыр кәсіпкерлердің 8 жобасы субсидияланып, 6 жобаға мемлекеттік кепілдік ұсынылды. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға гранттар табысталды.
– Ауданда жұмыс орындарын құру көрсеткіші де жоғары деңгейде орындалды. Жыл басынан бері 706 тұрақты жұмыс орны ашылып, жоспар 154 пайызға орындалды. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында арнайы салық режимі бойынша мөлшерлеме 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілді. Бұл шешім шағын бизнестің дамуына және көлеңкелі экономиканы азайтуға оң әсерін тигізуде, – аудан басшысының орынбасары.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив