Биыл ауданда кезекті азайту мақсатында көпқабатты тұрғын үйлерді салу, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жобаларын іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарқызының айтуынша, қазір 4 жоба жүзеге асуда. Біріншісі, Серебрянск қаласы, Веденеев көшесі, 18 мекенжайындағы бұрынғы жатақхана ғимаратын көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту. Оның жалпы аумағы — 2636,25 шаршы метр. Жобаға аудандық бюджеттен 516 млн теңге бөлінген.
– Келесі жеке инвесторлар Жаңа Бұқтырма кентінде жалпы аумағы 9173 шаршы метр болатын екі 5 қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Жобаның жалпы құны 2 млрд теңгеден асады. Сонымен қатар, Алтай қаласы, Астана көшесі, 42 мекенжайында 36 пәтерлі, 3 қабатты тұрғын үй салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, – деді Жанна Асқарова.
Бұдан бөлек, Алтай қаласы, Лермонтов көшесі, 2 мекенжайындағы 16 пәтерге күрделі жөндеу жүргізуге арналған құжаттама әзірленуде.
Пікірлер