A+ A A-

talgatzhan 20 Кеше, 12:50 0

Алтай ауданында жол жөндеуге 600 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді

Бүгін / Алтай

Аудан әкімдігі ақпаратынша, биыл Алтай және Серебрянск қалаларының, Феклистовка, Никольское, Соловьево ауылдарының, Октябрьский және Жаңа Бұқтырма кенттері көшелерін жөндеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Былтыр «Өскемен – Рахман қайнарлары» автожолының Осинов асуындағы учаскелерін (56–72 км және 72–88 км) қайта жаңғырту, жалпы ұзындығы 76 шақырым болатын республикалық маңызы бар автожолға (110–214 км учаскелері) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
– «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Зубовск кентіндегі Усть-Березовская, Дамбовая көшелері мен Дубинин тұйығына ұзындығы 1,5 шақырым болатын орташа жөндеуден өтті. Алтай қаласында жолдарға, аулаларға және тротуарларға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 385,3 млн теңге жұмсалды. Серебрянск қаласы көшелерінде 20 млн теңге көлемінде шұңқырларды жөндеу жүргізілді, – деді аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарқызы. 
Анықталғандай, Никольск, Чиркаин, Соловьево, Маяк, Подорленок, Чапаево, Тұрғысын ауылдарының, Жаңа Бұқтырма кенті жолдарына, сондай-ақ Бородино, Быково, Александровка, Ермаковка ауылдарына, Кировский және Быково ауылындағы су өткізу құрылғысы жөнделді. 
– Осы жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен жол жөндеу жұмыстарына 581,8 млн теңге қарастырылған. Алтай және Серебрянск қалаларының, Средигорное, Чиркаин, Феклистовка, Никольское, Соловьево ауылдарының, Октябрьский және Жаңа Бұқтырма кенттері көшелерін жөндеу жоспарланып отыр, – деді аудан басшысының орынбасары.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив