Ресми ақпаратқа сенсек, ауданда үш жылу және сумен жабдықтау нысанында алдын ала жөндеу жүргізілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Атап айтқанда, Алтай қаласына – 181 млн теңге, Серебрянск қаласына – 79,2 млн теңге, Жаңа Бұқтырма кентіне – 102,3 млн теңге бөлінді.
– Бізде келесі қыс маусымына дайындық басталып кетті. Соған сәйкес, жан-жақты талдау жүргізіліп, коммуналдық инфрақұрылымды жөндеу мен жаңғыртудың басым бағыттары айқындалады. 2026-2027 жылдардағы алдағы жылу беру маусымына сапалы дайындық мақсатында ауданда жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртып, дамыту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Жалпы қаржыландыру көлемі 7 млрд 229,1 млн теңге, – деді аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.
Анықталғандай, Жаңа Бұқтырма кентінің жылу желілеріне 5675,7 млн теңге, Алтай қаласындағы 16 орталық жылу пунктін қайта жаңғыртуға 429 млн теңге, Серебрянск қаласының жылу желілерін жөндеуге 481 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына аудандағы қазандықтарды дайындау жұмыстарына бюджет есебінен 501 млн теңге бөлінді.
– Оның ішінде, Алтай қаласының Жылу-сумен жабдықтау орталығында 3 түрлі жөндеу жүргізуге 220 млн теңге қарастырылған. Ал Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентінің Жылу-сумен жабдықтау орталығына – 281,8 млн теңге бөлініп, бұл қаражатқа Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентінің қазандығы жөнделеді. Бұдан бөлек, коммуналдық кәсіпорындар өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 141 млн теңгеге жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды жоспарлап отыр, – деді Жанна Асқарқызы.
Пікірлер