Ауылдарда электрмен жабдықтау мақсатында 2025 жылы 176 млн теңге игерілген еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, Малеевск, Путинцево ауылдарында көше жарығының апатты тіректері, Бобровка кенті мен Малеевск ауылында апатты трансформаторлар ауыстырылды.
- Жаңа Бұқтырма және. Октябрьский кенті, Маяк, Средигорное, Северное ауылдары жарықтандырылды. Ермаковка ауылы маңындағы «Гранд Фиш» ЖШС балық шаруашылығы нысанына электрмен жабдықтау желілері тартылды, - деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарқызы.
Айтуынша, биыл Полянское ауылын жарықтандыруға 94 млн теңге, Серебрянск қаласына 98 млн теңге, Алтай қаласының Бажов көшесіне 25 млн теңге бөлінді. Ал Малеевск және Путинцево ауылдарындағы апатты электр бағандарын ауыстыру мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеуге 34,7 млн теңге қарастырылған.
Пікірлер