Олар 2025 жылдың қыркүйегінен бастап «Колледж – Мектеп» эксперименттік жобасы аясында аудандағы технологиялық колледжде оқыды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
15 оқушы «Электр-газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша, 18 оқушы «Аспаз» мамандығы бойынша білімдерін толықтырды.
- Биыл балалар 11 сыныпты тәмамдап отыр. 2026 жылдың қаңтарында олар мемлекеттік үлгідегі диплом алып, алғашқы жұмысшы біліктілігін иеленді. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап Алтай ауданы мектептерінің 9–11 сыныптарындағы 122 оқушы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жанындағы Желілік инженерлік мектепте математика, физика және информатика бағыттары бойынша білім алуда. Желілік инженерлік мектептің үздік 3 түлегі аталған жоғары оқу орнына түскен жағдайда оқыған пәндерін автоматты түрде есепке алуға мүмкіндік беретін сертификаттарға ие болады, - деді аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарқызы.
Мәлім болғандай, 2025–2026 оқу жылына дайындық аясында 19 білім беру мекемесінде 24 жоба бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 161 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Ал 2026 жылдың жаз мезгілінде 158 млн теңгеге 12 жөндеу жобасы іске асырылады.
Пікірлер