Тоқты
Жіберген қателеріңіз болса түзеп, соған іштей сараптама жасаңыз. Еңбек демалысыңыз таяу болса, осы бастан жоспарлап, қажет десеңіз билет те алып қойыңыз. Қария жасындағы туысқандарыңыздың хал-жағдайын біліп қойсаңыз артық етпейді.
Торпақ
Шаңырақ көтеру мәселесіне келгенде нақты шешім қабылдаған жөн: не ұсыныс жасаңыз, не ұнатқан адамыңыздың босқа уақытын алмаңыз. Мұндайда достарыңызды емес, өз жүрегіңізді тыңдаңыз. Қазір қарыз беруге қолайсыз мерзім.
Егіздер
Эмоция жағынан ашушаң болуыңыз мүмкін. Бұған жұмыстағы тұрақсыздық себепші. Суық тиюдің белгілері байқалса, барлығын ысырып қойып демалғаныңыз жөн. Қазір ауада да зиянды микробтар өріп жүргендей.
Шаян
Апта ортасында күтпеген жаңалық естуіңіз мүмкін. Түрлі кездесулер мен басқосуларға шақырып, мақтауыңызды асырады. Осы аралықта жұмыс жағынан тиімді ұсыныс түсуі ғажап емес, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Арыстан
Алмағайып кезеңдердің бірі: бүгін өзіңіз күтпеген сыйлық алсаңыз, ертең ойламаған жерден әлдеқандай жайт көңіл-күйіңізді түсіреді. Барлығын қаз-қалпы қабылдасаңыз өткеруіңіз де оңайға түседі.
Бикеш
Қазір кімдермен аралас-құралас болып, ой алмаса алатындығыңызды жақсылап бекітіңіз. Сүйіктіңізге еш дауыс көтермей, қайта жылы сөздеріңізді жаудыра түсіңіз. Демалыс күндері таза ауада жүріп қайтқаныңыз дұрыс.
Таразы
Қазір жұмысты бәрінен жоғары қоясыз. Бұл да жаман емес, бір жағынан мәнсап баспалдағымен өрлеуге мүмкіндік аласыз. Дегенмен отбасын да еш кәперіңізден шығармаңыз, әйтпесе жоқ жерден ұрыс-керіс болуы неғайбыл.
Сарышаян
Әлдебір жаңа дүниелерді қолға алуыңыз мүмкін, нәтижесінде ойыңыз мүлде басқа жаққа ауады. Қазір жаңа достар мен әріптестер табуға қолайлы кезең. Шақырылған жерлерден қалмауға тырысыңыз.
Мерген
Жақын күндері ұсақ-түйек шаруалар шығып, бос уақытыңыздың барлығы соған кетеді. Жолға шыққанда абай болыңыз. Қазір жақсылық жасауға асығыңыз, түбі оң нәтиже берері сөзсіз.
Тауешкі
Айналаңыздағы адамдарға көмек беруге мүмкіндігіңіз болады. Қолұшын бересіз бе, әлде бас тартасыз ба – шешім қабылдау өз еркіңізде. Неғұрлым маңызды нәрселер жоспарлаңыз, бірі болмаса, бірі орындалары хақ.
Суқұйғыш
Бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізу үшін салқынқанды болғаныңыз жөн. Көп жағдайда ойлаған дүниелеріңіздің барлығы дерлік орындалмауы мүмкін. Асқазаны ауырып жүрген Суқұйғыштарға ақ халаттыларға қаралуға қолайлы уақыт.
Балықтар
Үйдегі тірліктерге көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Барлығын ысырып, осыған көңіл бөлсеңіз, апта соңында оң нәтижесін байқайсыз. Көмек қолын созған адамдардың барлығына сене беруден аулақ болғаныңыз жөн.
Пікірлер