Тоқты
Түрлі ой мазалап, ақыр соңында өзгеше тоқтамға келесіз. Сейсенбі күні ақша жағын реттеудің қамына кірісіп, жаңа жоспар бекіткен орынды. Ал сейсенбі ықпалды серіктестеріңізбен тың жобаны қолға алуға қолайлы күн.
Торпақ
Достарыңыз, болмаса сыныптастарыңыздың мәселесіне араласамын деп, өз басыңыздағы шаруаларға көңіл бөлуді ұмытасыз. Жұмыс орныңызға тексеріс келсе, қарбалас сәтте бір өзіңізге шешім қабылдау қажет болады.
Егіздер
Өзіңізді әр салада сынап көруден еш тартынбаңыз. Дүйсенбі күні Егіздерге біліктіліктерін арттыруға қолайлы. Ал жұма күні мүмкіндігінше қаржылық түйткілдерді реттеп алуға тырысыңыз.
Шаян
Кейде ашулана алатыныңызды да көрсете білген дұрыс. Әйтпесе бәз-біреулер сізбен санаспай, пікіріңізді мүлде салмақсыз етулері мүмкін. Дүйсенбі күні ақшалай сыйақыға ие болуыңыз ғажап емес.
Арыстан
Қалтаңызда бар ақшаны барынша үнемдеп пайдаланыңыз. Қазір табыс табу жағы тежеліп, әдепкі тірлігіңізде беймаза шақ көбейеді. Жеке өміріңізде айтарлықтай өзгеріс болмайды, тек сенбі күні жұбайыңызбен жұптаса серуендеп қайтыңыз.
Бикеш
Аяқ асты қордаланған шаруалар әл-қуатыңызды азайта түссе де, дұрыс шешім қабылдауда өзіңізді үнемі жинақы ұстайсыз. Достарыңызбен жиі хабарласып тұрыңыз. Демалыс күндері таныстарыңыз қонаққа шақырулары мүмкін.
Таразы
Ұжымда орныңызды басар ешкім жоқ екенін бір байқатыңыз. Сізге деген басшылық көзқарасы бұрыннан түзу екенін ескерсек, жуық арада жаңа лауазымға тағайындалуыңыз ғажап емес. Мейрамдарда ащы су ұрттамауға тырысыңыз.
Сарышаян
Ойлағаныңызды жүзеге асыру үшін жақындарыңыздың кейбір өтініштерінен бас тартуға тура келеді. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары Сарышаяндарға апта ортасында сыйақы түсуі кәдік.
Мерген
Өзіңізге есеп беріп, өткенге көз жүгіртуге қолайл уақыт. Күтпеген ұсыныстардан бас тартыңыз, соңы жақсылыққа апармауы мүмкін. Дүйсенбі, сәрсенбі күндері кейбір әріптестеріңізбен ара қатынасыңыз оңалады.
Тауешкі
Көпшілік арасында өз пікіріңізді білдіруден еш тартынбаңыз. Ел-жұрт «бұл не айтып тұр?» деп жақтырмай көз жүгіртсе де, соңында сіздің ұстанымыңыз дұрыс болып шығады. Бос уақытыңызда әдеби кітаптар оқуға тырысыңыз.
Суқұйғыш
Өзіңіз дұрыс деп санаған шешімді қабылдаңыз. Себебі сіз таңдаған жолмен ешбір жан жүріп өте алмайды, сондықтан батылырақ болыңыз. Ойлағаныңыз жүзеге аспай жатса ашу-ызаға ерік бермеген ләзім.
Балықтар
Апта соңында зерігіп, көпшілік арасына шығуды қалайсыз. Дұрысы, демалыс күндері қалаған жаққа саяхаттап қайтыңыз. Ал оған дейін жұмыста олқылыққа жол бермей, басшылық үдесінен шыға түсіңіз.
Пікірлер