A+ A A-

talgatzhan 90 9-12-2024, 10:00 0

9-15 желтоқсан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Білім қуып, жаңа мәліметтермен сусындауға ыңғайлы кез. Жұмыста бірқалыпты, алаңсыз шақ орнайды. Денсаулыққа мән беруді ұмытпаңыз, жүйкеңізді жұқартар болмашы нәрселерге күйіп-пісудің қажеті жоқ.
Торпақ
Осы аптада осалдығыңыз оянатын кез – нәзік жандыларды көргенде абдырап, әп сәтте қобалжып кету. Отбасылы Торпақтарға өмірлік серігіне барынша сыпайы сөйлеп, әлдене жоспардағыдай болмай жатса ұрсып-зекімеген жөн.
Егіздер
Кіммен болсын әңгімеңіз жараспай жатса алдағы өміріңізде сол адамның көмегі тие ме, жоқ па, байланысты бекіту қажет-қажет еместігін зерделеңіз. Егер бағытыңызды әлдеқашан айқындап қойсаңыз, онда құр-босқа күмәнданудың қажеті жоқ.
Шаян
Апта соңында үйіңізді жинастырып, тазалыққа мән беруге тырысыңыз. Көп нәрсеге қолыңыз тимей жүрсе алдағы екі-үш күнде соны қолға алыңыз. Барлығын уақтылы орындасаңыз демалысқа да уақыт табасыз.
Арыстан
Романтикаға келгенде тізгін тартып қалатын кей Арыстандар сүйгендеріне сезімін білдіріп, апта ортасында тосынсый жасаулары мүмкін. Өткен-кеткен келеңсіз жайттарды ұмытып, сезім қылын жалғай түсесіз.
Бикеш
Жұмыс басталмай жатып әр тапсырманы орындауға емеурін таныта бермегеніңіз жөн. Отбасыға қатысты маңызды шешім қабылдауда да асығыс қадамға бармаңыз. Біреу-міреу қателесіп жатса, түсіністікпен қарап, қолдап жіберіңіз.
Таразы
Жұлдыздар осы аптада айналаңыздағы адамдармен емен-жарқын араласып, шер тарқатысуға шақырады. Әлдебір қиындыққа тап болсаңыз іште сақтамауға тырысыңыз. Жалғыздық жарға сүйрейді.
Сарышаян
Әріптестеріңіз, я болмаса достарыңызбен кикілжің туындап қалса  «сенікі қате, менікі дұрыс» деп кесіп айтудан аулақ болыңыз. Барлығы уақытша түйткілдер. Апта соңында жақындарыңыз хабарласып, көмек сұрап, өтініш айтулары мүмкін.
Мерген
Апта ортасына қарай әлдебір қиындықтармен ұшырасуыңыз мүмкін. Шаруа шаш етектен болып, үлгеруіңіз екіталай. Шыдап бағыңыз, басшылық сізді осылай сынағысы келген болар.
Тауешкі
Қазір жұмыста да, отбасыңызда да түйіні тарқамай тұрған тірліктер бар. Жеке басыңыздың шеберлігіне күмән келтірсеңіз достарыңызға жүгініңіз. Бірлесіп атқарған жұмыс қашан да жемісін береді.
Суқұйғыш
Соңғы уақытта қолды-аяққа тұрмай, қордаланған шаруаны бір мезетте тәмамдағыңыз келеді. Әлбетте, әліптің артын бағыңыз. Асығыс қадам жасамасаңыз апта аяқталмай барлығы қалпына келуі мүмкін.
Балықтар
Ұсақ-түйек тірлікке алтын уақытыңызды кетірмеген азбал. Мақсатыңызға аз уақытта жеткіңіз келсе осыған дейін қандай бұралаң жолдан өткеніңізді ойға алыңыз. Кәсіби шеберлігіңіз әлі де өз деңгейінде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив