A+ A A-

talgatzhan 33 11-03-2025, 10:00 0

10 - 16 наурыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Жұлдыздар осы аптада тапсырманың түр-түрін үймелейді. Наурыздың ортасына қарай кейбіріңіз ішіңіздегі екі адамның бұйрығын алма-кезек орындап жүргендей боласыз. Тез арада бір өзгеріс жасаңыз.
Торпақ
Махаббат желкенін көтерерде сақ болыңыз. Ешкімге шындықты айтып, құпияңызбен бөлісуге болмайды. Соңғы уақытта жөнді ауқаттанбай жүргеніңізді ескеріп, оқта-санда асхана тағамдарына ден қойғаныңыз дұрыс.
Егіздер
Қазір жаңа достар тауып, солардың көмегіне жиі жүгінесіз. Болмашы жерден қателесіп жатсаңыз, өзіңізді жегідей жеудің керек жоқ. Ал күтпеген жерден мәртебеңіз өсіп жатса, салқынқандылық танытыңыз.
Шаян
Ойыңызда түрлі жоспар тұр. Кейбір болып жатқан өзгерістер сізді сырт айналып өтпейді, неге десеңіздер көбі пікіріңізбен санасады. Осы аптада алдыңызда бірнеше міндет тұр: ешбірін қаперден шығарып алмаңыз.
Арыстан
Бірнеше сезімді бастан өткересіз. Арыстандар бір мезетте сүйіп те, ашуланып та, жек көріп те үлгереді. Егер ұзақ сапарға шығып жатсаңыз керек заттарыңызды ұмытпай, мүмкіндігінше бір оқпен екі қоянды атып көріңіз.
Бикеш
Бұрыннан бері талқыға салудың сәті түспей жүрген тақырыптарға оралуға болады. Ал оның соңы немен аяқталатыны өзіңіздің шаршы топ алдында сөйлеуіңізге байланысты. Заң тұрғысынан іс насырға шауып жатса сотқа жеткізбеңіз.
Таразы
Мәнсап баспалдағына шығарда тайғанақтап, сәтсіздікке ұшырауыңыз мүмкін. Ашуыңыз атқа мінсе, тізгінді тартып бағыңыз. Ұжымда аяқ асты айқайға басуыңыз ғажап емес, сондықтан сабырмен серік болыңыз.
Сарышаян
Әлдебіреулер қарым-қабілетіңізді иемденіп алуға тырысады. Өзіңіз де таң қаласыз, бірақ «жаңбыр жауса да су болмайтын» мүмкіндікке ие болыңыз. Әлеуетіңіз өзіңіз ойлағаннан да жоғары, орнымен жұмсаңыз.
Мерген
Көктемде әлдебір жеңілдік байқалып, айнала әсем күйге түсетіндіктен бе Мергендер ауқымды жоспарын қазір бекітеді. Бүгінмен өмір сүруді құп көрмей, өзіңізді дамыта түсуге әуессіз. Табандылығыңыздан таймаңыз.
Тауешкі
«Адамның күні – адаммен» деген тәмсілді жадыңызға мықтап сақтаған жөн. Достарыңыз көмек сұраса бастап тартпаңыз, себебі сіз үшін де жақындарыңыздың көмегіне иек артар жауапты сәт жақындап келеді.
Суқұйғыш
Айналаңызда небір күрделі ахуалдар болып жатқанына қарамастан сіздің бас ауыртар нәрсеңіз мүлде басқа. Бәлкім, қаражат жағы қысып жүр. Қандай қиындыққа тап келсеңіз де сағыңыз сынбасын.
Балықтар
Жеке бас мәселесі мен махаббат тақырыбына келгенде аса жинақы болыңыз. Кіммен болса да ұрыс-керіске бармаңыз. «Таяқ – еттен, сөз – сүйектен» өтеді демекші, бірнәрсе айтамын деп жақындарыңызды ренжітіп алмаңыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив