Тоқты
Бастығыңыз әр басқан қадамыңызды сырттай бақылауға алады. Сынағаннан емес, сенім артқаннан. Барлығына әзір болыңыз. Апта басы қарбалас болса да, соңына қарай қуанышты жаңалықтар көбейеді.
Торпақ
Бір сәт тынығып алуға да уақытыңыз жоқ. Бар жауапкершілікті бір өзіңізге жүктеген. Қаражат жағына келгенде сақ болыңыз: бақталастарыңыздың аяғыңыздан шалып жіберулері ғажап емес.
Егіздер
Сәуірдегі бойкүйездік көптеген жоспарыңызды құртады. Қолыңыз қалт етіп, босап жатсаңыз ақ халаттыларға қаралып, денсаулығыңызға мән бергеніңіз ләзім. Еңбек демалысыңыз таяп қалса, алыс сапарларға шығып қайтсаңыз артық етпейді.
Шаян
Отбасыңызда бұрын-соңды болмаған өзгерістерді байқайсыз. Күтпеген жерден ескі танысыңыз хабарласып, басқосуға қолқа салады. Шақырған жерден қалмаған жөн, бәлкім, өзіңіз үшін тиімді ұсыныстар айтылуы мүмкін.
Арыстан
Жүйкеңіз сыр беріп, апта басында болған ұсақ-түйек жайттардың барлығы ығырыңызды шығарады. Ол аздай жақын адамдарыңызбен де арақатынасыңыз ушығып кетуі кәдік. Мұндайда оңаша қалып, барлығын ой елегінен өткізгеніңіз дұрыс.
Бикеш
Отбасылық мәселелерді шешуді бірінші орынға қоясыз. Тіпті кейбір түйткілдерді ретке келтіру үшін маңызды дүниелерден бас тартуыңыз ғажап емес. Не де болса сырт келбетіңізге мән беріп, жинақы қалпыңыздан танбаңыз.
Таразы
Аяқ асты жалақыңыз қысқарып, күтпеген жерден шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Мұның себебін, философиялық көзқараспен тауып көріңіз. «Шөлмек мын күнде емес, бір күнде сынады», я болмаса «Уақыт – емші» сынды ойлар бағыт-бағдар бермек.
Сарышаян
Алдағы күндері арман-аруыңыз романтикалық кездесуге шақырады. Тек кездесу емес, соңы жарасымды жұп құруға мүмкіндік сыйлайды. Тек басыңызға қонған бақыт құсын ұшырып алмаңыз.
Мерген
Әріптестеріңіз арасында бар назар сізге ауған. Сондықтан салқынқандылық танытып, иман сауытыңызға берік болыңыз. Апта ортасында күтпеген қоңырау түсіп, іскерлік кездесуге шақыруы кәдік.
Тауешкі
Бейтаныс адамдар бойыңыздан мін іздеп, сынап-мінеп тұрғандай көрінеді. Мән бермеуге тырысыңыз. Болмайтын жерден ағаттық жіберсеңіз алдап соғуға дайын тұр. Сол себепті «жауларыңызды» ұдайы бақылауда ұстаңыз.
Суқұйғыш
Бар назарыңызды жұмысқа аударған жөн. Әріптестеріңіз ымдап болса да осыны күтіп жүргендей. Ендеше іске сәт: күн өткен сайын кәсіби шеберлігіңіз қалыптасып, тәжірибеңіз де толысқан қазір.
Балықтар
Жақындарыңыздың бірі қазір сіздің қолдауыңызды күтіп жүр. Табиғатынан мейірбан Балықтар өзгеге көмек қолын созуы тиіс екендігін ойласа жанын қоярға жер таппайды. Дұрысы, тым тәуекелге бара бермеңіз.
Пікірлер