A+ A A-

talgatzhan 34 31-03-2025, 09:15 0

31 наурыз бен 6 сәуір аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Ұнатқан адамыңыздың сізге деген ілтипатын ояту үшін едәуір еңбектенуіңіз қажет. Өзгенің назарын аудару оңайға соқпайын деп тұр. Көп нәрсе өзіңізге байланысты. Әріптестеріңізбен сөзге келіп қалудан сақ болыңыз.
Торпақ
Қазір жұмысқа кешікпегеніңіз дұрыс. Басшылықтың назары сізге ауған. Ұрыс-керістің алдын алып, жағдайдың оңалуын күтіңіз. Әлдебіреу жұмысыңыздан шикілік тапса, ашуға ерік берген жөн.
Егіздер
Апта ортасында өзіңізді біртүрлі жайсыз сезінесіз. Жағдайды реттеудің жолы көп емес: театр мен концертке барып келген де орынды. Жалғыз қалмауға тырысыңыз, әйтпегенде түрлі ойлар жаныңызды жегідей жейді.
Шаян
Бойдақ Шаяндардың ұнатқан адамы бар. Тек сезімін білдіруге батылдары жетпей жүр. Қарбалас тірліктер шектен тыс өтініш ойыңызды бөліп, мүлде басқандай шешім қабылдауға себепші.
Арыстан
Табысты болса да тәуекел етуге мәжбүрлейтін ұсыныс түсуі мүмкін. Мүмкіндігінше жұмысқа белсене кірісіңіз, әріптестеріңіз осыны күтеді. Бүгін еселі еңбектенсеңіз, ертең демалыс алуға мүмкіндік аласыз.
Бикеш
Жұбайыңызбен сөз таластырып, өзіңіздікін дәлелдеймін деп құлшынбағаныңыз ләзім. Дұрысы, аз уақытқа оңаша қалып, болған жайтты ой елегінен өткізу қажет. Достарыңыз көмек сұраса, ойланбастан қолұшын созыңыз.
Таразы
Қандай таңдау жасасаңыз да соңынан еш өкінбеңіз. Қандай жағдай болсын жеңімпаз болып шығуды мақсат ететін Таразылар ықпалды адамдармен жолығып, өз мәнсабындағы маңызды шешімдердің бірін қабылдамақ.
Сарышаян
Көптен бері байланысқа шықпаған жандар қоңырау шалады. Бірі көмек сұрап, бірі ұсыныс айтуы мүмкін. Көңіліңіз қанша жерден қаламаса да бірден «жоқ» деп жауап бермей, соңына дейін тыңдап көріңіз.
Мерген
Алдымен үтірі қойылып, кейін ат құйрығын кесісуді ойлайсыз сүйіктіңізбен. Осы немесе өзге де жайттар көңіліңізді құлазытса, ащы судан ұрттап, түңілудің қажеті жоқ. Сәтсіздік пен қиындықтар легінің  «ғұмыры» ұзақ емес.
Тауешкі
Қандай ұсыныс түссе де алдымен ұжымыңыздағылармен кеңесіңіз. Қазір қателесуге болмайды. Егер аяқ асты сүрініп кетсеңіз, тек өз күшіңізге сеніңіз. Қарбалас шаршатып жіберсе, табиғат аясына серуендеп қайтыңыз.
Суқұйғыш
Жұмысқа зор құлшыныс танытсаңыз да соңында сынға қалуыңыз кәдік. Бәлкім, кейбірі белсенділігіңізді бұрыс түсінулері мүмкін. Ескі сырқаттарыңыз көрініс берсе, дәрігерлер көмегіне жүгінгеніңіз жөн.
Балықтар
Сәуір айында қандай қадамдар жасайтыныңызды қазір бүге-шігесіне дейін нақтылаңыз. Ойлаған нәрсеңізді кейінге қалдыра беру нәтиже әкелмес. Жұлдыздар Балықтардың еңбекқорлығын ерекше атап өтіп, мұзға бидай өнгенше молшылық көре берсін деп жылы лебіздерін білдіруде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив