Тоқты
Дүйсенбі, сейсенбі күні өзіңізге жақын адамдарды ренжітпеуге тырысыңыз. Тоқтылардың өзімшілдігі кейбір достары мен туыс-туғандарына жақпауы мүмкін. Сәрсенбі, бейсенбі күндері жаңа таныстық орнатуға мүмкіндік мол.
Торпақ
Апта соңына қарай ойыңыз бір жерден шығатын азаматтарды жаныңызға топтастырып, жаңа жоспар бекітесіз. Шаңырақ құрған Торпақтар үшін сәуір айының соңында түрлі тапсырмалар жүктеліп, апта соңы шиеленісті болмақ.
Егіздер
Соңғы уақытта күтпеген жаңалықтарды жиі естіп, көз алдыңызға шым-шытырық жайттар келеді. Өзгеше әлемге тап болғандай, әсте таңсық жайттардың куәсі боласыз. Демалыс күндері қуанышты жаңалық естисіз.
Шаян
Сәуір айында күрмеуі қиын шаруаларды біржақты етіп, белсене түсесіз. Жұмыс көбейіп жатса ертең аяқтармын деп кейінге шегере берген жарамас. Себебі жаңа ай басталғанда тапсырамалардың басқа түрі күтіп тұрады.
Арыстан
Бұрын ұшыраспаған күрделі жұмыс өз әлеуетіңізге күмәнмен қарауға итермелейді. Жасқанудың қажеті жоқ, қайта жинақылық танытып, алға қарай сенімді қадам жасаңыз. Апта соңында бірнеше келісімшартқа қол қоюыңыз мүмкін.
Бикеш
Бикештер қазір әріптестеріне емес, бір нанды бөлісіп жеген достарына арқа сүйейді. Олардың берген кеңесі қашан да дұрыс бағытты көрсетеді. Мүмкіндік болса, сәрсенбі, бейсенбі күндері үйдегі ұсақ-түйек шаруаларды аяқтаған жөн.
Таразы
Жұлдыздар Таразыларға барынша сабырлы болуға кеңес береді. Әйтпегенде әріптестерінің жоқ жерден жамандауын жүрегіне жақын алып, көңіл-күйлері түсіп кетуі мүмкін. Болмашы жерден қателесуден сақ болыңыз.
Сарышаян
Апта ортасында бойыңызға біткен күш-қуат көптеген қарбалас тірлікті еңсеруге сеп болады. Қолыңыз тигенде үйіңіздегі ескірген заттарды қоқысқа лақтырғаныңыз жөн. Демалыс күндері тарихи шығармалар оқуға тырысыңыз.
Мерген
Дүйсенбі-бейсенбі күндері аралығында телефоныңыз шыр етіп, көптен бері араласпай кеткен танысыңыз көмек сұрауы мүмкін. Қолыңыздан келсе қолұшын беруге асығыңыз, себебі ол жақсылық кейін сізге еселеп қайтады.
Тауешкі
Бақталастарыңыздың теріс пиғылы талай Тауешкінің бағытынан айнуларына себепкер болады. Дұрысы, көптің қызыға көз тастауына негіз болатындай жетістікке жете беруден жалықпаңыз.
Суқұйғыш
Қазір бойыңызға дәрумен жинап, салауатты өмір салтын ұстануға қолайлы мерзім. Басшылық соңғы уақытта тапсырмаларды орындауыңызға сын көзбен қарап, жүктемелер легін көбейте түспек. Өзіңізге зор үміт артатынын ұмытпаңыз.
Балықтар
Апта соңында теңін таппай жүрген Балықтар жадынан кетпей жүрген жұмбақ жанын жолықтырып, махаббат кемесіне мінеді. Татулық пен сүйіспеншіліктің сақталуы үшін әр аптаның ортасында тосынсый жасауды әдетке айналдырыңыз.
Пікірлер