A+ A A-

talgatzhan 38 28-04-2025, 09:30 0

28 сәуір мен 4 мамыр аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Мүмкіндігінше шулы жерден іргеңізді аулақ салып, тыныштық көрпесін жамылыңыз. Іске аспай жатқан жоспарыңызға қам жеп, таусыла берудің қажеті жоқ. Асығыс әрекет жасамасаңыз түптің-түбі барлығына қол жеткізесіз.
Торпақ
Ұмытылмас апта болғалы тұр. Қуанышты жаңалықтың бірі махаббат төңірегінде көрініс берсе, қалтаңызды қағатын мәселелер де туындайды. Қаражатқа қатысты. Сол себепті екі жақ «майданда» жүріп, күш-қуатыңызды кемітіп алмаңыз.
Егіздер
Болмашы тірліктерден бастап үйдегі жөндеу жұмыстарына дейін қабаттасып, бар уақытыңызды соған сарп етесіз. «Жалғыздың үні шықпас» демекші, бар шаруаны бір өзім тындырамын деп титықтап қалып жүрмеңіз.
Шаян
Күрделі жайт туындаса да асығыңыз алшысынан түсіп, көпшілік назарын өзіңізге аударасыз. Осы бағытыңыздан таймаңыз. Мәнсап жолында өрлеудің сәті түсіп, қомақты қаржыға ие болуыңыз да ғажап емес. 
Арыстан
Жұлдыздар түрлі кедергілер шығып, кейбір мәселелеріңіздің сол күйі шешімін таппайтынын болжауда. Барлығы ретімен шешілмек. Тек жүйкеге салмақ түсірер кейбір жайттарға салқынқандылықпен қараған жөн. 
Бикеш
Өзіңізді тұлпардайын сезінсеңіз бауырыңызды жазып шабатын сәт енді келді. Шығармашылығыңыздағы сәтті кезең, сүйіктіңізді жолықтыру және жаңа таныстық – қашан да алға жетелеумен болады. Іскерлік қарым-қатынас орнату да еш артық етпейді.
Таразы
Асқан жауапкершілікті қажет ететін тапсырмаларды орындауға әзір болыңыз. Қазір қарыз сұрап, әлдекімдер жанды жеріңізді басып жібергендей болады. Ұстамдылық кез келген келеңсіз сәттерден арашалап тұрады.
Сарышаян
Қара да тұрыңыз, мамыр айының соңында сіз күтпеген қоңырау түседі. Бәлкім, талай жыл көріспеген сыныптасыңыз болар. Көмек сұраса қолұшын беруден қашпаңыз, мамыр айында көп адам байланысқа шығады.
Мерген
Кейде томаға тұйық болудың да пайдасы зор. Көпшілік әрнені сұрап, мазаңызды алмайды. Одан қалса сырттай жүріп жатқан өсек-аяңдардан да құлағыңыз тыныш болады. Қарбаласпен жүріп, денсаулығыңызға мән беруді ұмытпаңыз.
Тауешкі
Аптаның алғашқы жартысы қаржылық мәселелерді реттеп алуға қолайлы. Іскерлік кездесулер жемісін беріп, қайда барсаңыз да жолыңыз ашыла түседі. Жұма күні бейтаныс адамдардың сан соқтырып кетуінен сақ болыңыз.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар дәрумені мол тағамдар тұтынып, алдағы күндерін абыроймен өткізу үшін осы бастан әзірленуді құп көреді. Қай бағытқа қадам бассаңыз да сәттілік серігіңізге айналады. Қазір қолда бар ақшаңызды үнемдеп жұмсағаныңыз жөн.
Балықтар
Қай жұмысты қолға алсаңыз да бабыңыз келісіп тұр. Тек болмашы жерден сүрініп кетсеңіз, салыңыз суға кетпесін. Сізге сын көзбен қарайтындар аз емес. Алыс жолға шыққанда темір тұлпарыңыздың жағдайын бағамдап алғаныңыз жөн.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив