A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 09:00 0

12 - 18 мамыр аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Әуре-сарсаңы мен қызығы аралас апта болғалы тұр. Маңызды істер азаяр емес. Құжаттарға ерекше назар аударыңыз: қол қойған барлық нәрсеге мұқият мән бергеніңіз жөн. Болмашы қателік барлығын бұзуы мүмкін.
Торпақ
Жеке өміріңізде өзгерістер күтіңіз. Сүйіктісін таба алмай жүргендер олқылықтың орнын толтыруға мол мүмкіндік алады. Жұмыстан қолыңыз босағанда көпшілік жүретін орындарға жиі атізін салыңыз.
Егіздер
Жұмыс сіз үшін бірінші орынға шығады. Небір қиын тапсырмалар жүктеледі, оның орындалуы болашағыңызға әсер етпек. Сондықтан уақтылы әрі мінсіз орындауға барыңызды салыңыз.
Шаян
Аяқ асты айтылған кез келген жаңалық көңіл күйіңізді түсіріп жібереді. Бірақ айналаңызға оптимистік көзқараспен қарағаныңыз дұрыс, әйтпесе қиындықтар біте қоймайды. Жақсы көрген адамыңызбен келіспеушіліктер туындауы  мүмкін. 
Арыстан
Жұмыспен қатар жеке өміріңіздегі мәселелерді бір өзіңізге шешуге тура келеді. Қиынға түссе де уақтылы еңсересіз! Рөлге отырсаңыз жолдағы қырағылықты жоғалтпағаныңыз ләзім: қауіп-қатер аяқ астынан.
Бикеш
Соңғы уақытта бойкүйездік жиі мазалауы мүмкін. Оған қоса апта да ерекше қарбаласпен басталады. Бастапқыда үймелене түскен тапсырмалар сізді жинақылыққа шақырады. Мүмкіндік болса егде жастағы туысқандарыңыздың халін сұрап, жиі араласыңыз.
Таразы
Жұлдыздар апта ортасында ерекше белсенді болуға шақырады. Іскерлік ұсыныстар түсіп жатса алдымен жағымды-жағымсыз жақтарын өлшеп алыңыз. Әйтпегенде асығыстыққа барып, бармақ тістеп қаласыз. Қаражат мәселесіне келгенде сақ болыңыз.
Сарышаян
Өз ортаңызда ұдайы бірінші болуды көздейсіз. Қателесіп жатсаңыз, содан дереу сабақ алып, дұрыс жолға түсуге тырысыңыз. Жұмыста әріптестеріңіз қызғанышпен қараса таң қалмаңыз. Уақтылы тамақтануды күн тәртібіңізге мықтап бекітіңіз.
Мерген
Қазір ашуы әп-сәтте бұрқ ете түсетін адамдармен тіл табысып кетесіз. Сондықтан түрлі талас пен қиындықтарды дәл қазір шешу керек. Жомарт болыңыз, айырымдылықпен айналысу артық етпейді. 
Тауешкі
Ұнатқан адамыңызбен қарым-қатынасыңыз жаңа деңгейге көтеріліп, сезім қылы беки түседі. Бір-бірлеріңізге тек шындықты айтуға тырысыңыздар. Сенбі-жексенбі күндері ауа райы қолайсыз болса да үйде қалмаған жөн.
Суқұйғыш
Маңызды мәселелерді кейінге қалдырғыңыз келіп тұрады. Мүмкіндік болса күрделі тапсырмаларды осы бастан орындай бергеніңіз дұрыс. Жетістігіңізді жиі талқыға салатын әріптестеріңіздің қитұрқы әрекеттеріне мән бермеңіз.
Балықтар
Қазір ақша жағынан қысылып жүрген Балықтарға күтпеген жерден түскен ұсынысты қабылдаған жөн. «Тәуекел түбі – желқайық» демекші, қазір шығарған шешіміңіз белгілі бір мөлшерде шешуші һәм дөп болмақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив