Тоқты
Жалпысында, қазіргі жағдайыңыз жаман емес. Көптен бері уайым жегізген кейбір жайттар шешімін тауып, бір сәт арқаны кеңге салуға мүмкіндік аласыз. Алайда кей сәттерді жиі ұмытуыңыз қателік жасауға себепші болуы мүмкін.
Торпақ
Ғұмыр ағысының әралуан ырғағын бақылауда ұстап, істің дұрыс-бұрысын көрсететін ұстаз-жетекші іздейсіз. Жұмыста басшылық кеңес берсе құлақ түргеніңіз жөн. Әр істі мұқият зерделеуіңіз қызметіңіздің өсуіне негіз болмақ.
Егіздер
Тамаққа деген тәбетіңіз төмендеуі мүмкін. Бәлкім, жұмысбастылықтан шаршап жүрген боларсыз. Қолыңыз тиіп жатса басшылықтан бірнеше күнге сұранып, бір жаққа саяхаттап қайтыңыз.
Шаян
Маңызды кездесулер легі көбейеді. Әлденеге келіспес бұрын өз мүмкіндігіңізді бағамдап алыңыз. Тұрмыстық қиындықтар туындап, ұсақ-түйек мәселелер қордаланып қалса, әріптестеріңізді көмекке шақырыңыз.
Арыстан
Қазір ісіңізден мін тауып, сыныққа сылтау іздейтіндер көбейеді. Кімдікі дұрыс екенін анықтағанша, ешкімге жақ ашпағаныңыз дұрыс. Жақындарыңыз бен туысқандарыңызға дауыс көтермеңіз, керісінше, жылы сөйлеуге ұмтылыңыз.
Бикеш
Біреу-міреумен әңгімеңіз жараспай, күніңіз сәтсіз басталуы мүмкін. Жұлдыздар сәт сайынғы қарбаластан арылу үшін бірнеше күнге демалыс алғаныңыз жөн деп санайды. Ал тынығудың реті келсе оңаша қалып, у-шудан бойыңызды аулақ ұстаңыз.
Таразы
Осы кезеңдегі көңілсіз көп сәттерден достарыңызбен жүздесу ғана құтқарады. Басқаларға иек артудың қажеті жоқ, себебі көпшілігінің өзгенің мәселесіне мойын бұрып қарар мүмкіндіктен ада. Жәрдем күткен жандар жаныңыздан табылмаса, қапаланбаңыз.
Сарышаян
Мейілінше, бар ауыртпалықты бір өзіңіз арқаламаңыз. Көтере алмайтын шоқпарды белге байласаңыз талай жұмыстың аяқсыз қалуы кәдік. Апта ортасында ойламаған жерден пайдаға кенелуіңіз ғажап емес.
Мерген
Өмірлік құндылықтарды бекіте біліңіз. Жоспарыңызға тірек болар алғышарт іздесеңіз көркем әдебиетті көптеп оқуға тырысыңыз. Апта соңында әріптестеріңізбен болған ескі кикілжіңнің бір шетін шығарып, тіл табысудың сәті түседі.
Тауешкі
Алдағы аптада бірқатар ықпалды адамдармен келісімшартқа отырып, тығыз әріптестік орнатудың реті тумақ. Алайда кәсіпкерлік тұрғысындағы серіктеріңіз әр қадамыңызды қолдап, керек болса, жігерлендіріп отырады.
Суқұйғыш
Жұлдыздар болашаққа жоспар құруға асықпауға кеңес береді. Бұған ден қоя біліңіз. Бұрын-соңды алыс сапарға шығуды ойлап жүрсеңіз, басшылық артқан жүктемелерді осы бастан орындай беріңіз.
Балықтар
Бір жеті демалыс алсаңыз, жауапты жұмыс кезінде сарқылған күш-қуатыңызды қайта толтыруға мүмкіндігіңіз болады. Олай болмағанда, жұмысбастылықты барынша азайтып отырыңыз. Күнделікті ауқаттану мәзірінде дәруменге толы тағамдар тұтынуға тырысыңыз.
Пікірлер