A+ A A-

talgatzhan 35 26-05-2025, 09:00 0

26 мамыр мен 1 маусым аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Соңғы уақытта Тоқтылардың әр ой-пікірі жұртшылық назарын аудартып, айтқандары елді елең еткізіп-ақ келеді. Сыры неде екен? Бәлкім, шығармашылық тұрғыдағы ізденіс, я болмаса кітап оқуға деген құлшынысыңыз болар...
Торпақ
Жұлдыздар денсаулығыңызға атүсті қарамауға кеңес береді. Күш-қуатыңызды кемітетін жұмыстарды ысырып, жүктемелерді әріптестеріңізбен бөліскеніңіз жөн. Жоспардан тыс әрекетке барсаңыз, ісіңіздің ілгерілеуі екіталай.
Егіздер
Аптаның басты жаңалығын жұмыста отырып естисіз. Жағымды ма, жағымсыз ба, беймәлім. Ал ең бастысы, қандай тірлікті қолға алсаңыз да еркіндікке ие боласыз. Ниетіңіз түзу болса, ойлағаныңыз бірден орындалады.
Шаян
Айтарлық өзгеріс жоқ, тек кейбір істерге қадам басқанда жан-жақты ой иіріміне түсуіңіз керек. Мұның басты себептерінің бірі – жан-жарыңыздың көптен бері айта алмай жүрген құпиясын ашуы немесе балаңыздың әсіре еркелігі.
Арыстан
Арыстан үшін де шығармашылық кезеңнің бастауы осы кезең. Кейде тарихқа көз жүгіртуді жөн санайсыз, оқта-санда қоғамда болып жатқан жаңалықтарға құлақ түресіз. Барлығы да тым таңсық, айтарлықтай алдамшы болып көрінуі мүмкін.
Бикеш
Өзіңізді сергек сезінуіңіз үшін демалыс күндері жақсылап тынығуды әдетке айналдырыңыз. Бастысы, жүйкеңізге салмақ түсірер жайттарды көкдөнен көңіліңізден ысырып, күш-қайратыңызды толықтыра түсіңіз.
Таразы
Кейде тек осы сәтпен ғана өмір сүру дұрыс көрінеді. Сіз де мұнымен толықтай келісесіз. Маңызды шаруаны қолға алсаңыз еш өкінбеңіз, алайда асығыстық танытамын деп көпшілік сынына ұшырап жүрмеңіз.
Сарышаян
Әралуан салада жеңіске жетуіңіз қазір танытар белсенділігіңізге тікелей байланысты. Сол себепті қауырт тірлікке бүгіннен бастап кіріскеніңіз дұрыс. Қанша жерден қиын болса да қателесемін деп мұңаймыз.
Мерген
Қолыңыздан келуі екіталай жоспар құрып қажеті жоқ. Мергендердің болмысында тәуекелге бару, шұғыл шешім шығару сынды қасиеттер бар. Болмашы қателік барлығын құртуы кәдік. Демалыс күндері достарыңызбен жолығуды ұмытпаңыз.
Тауешкі
Тауешкілердің талайы қазір қызмет баспалдағымен өрлеуге ерекше құлшыныс білдіруде.  Әсіресе, жастар қауымы қатардың алдында жүреді. Жалғызбасты жігіттер үшін өмірлік серігін жолықтыруға тамаша мүмкіндік туындайды.
Суқұйғыш
Қамсыз, алаңсыз сәттердің бірі қазір. Құдды бір уақыт тоқтап, барлығы тек сіздің ыңғайыңызға жасалғандай. Махаббат кемесіне мінгендердің көтерген желкені берік болып, бойдақтар сүйгенімен қосылады. 
Балықтар
Кәсіби және қаржылық тұрғыда бастама танытсаңыз, сәтімен болмақ. Десе де бұл үшін көшбасшылық қабілетіңізді қосып, жеке шеберлігіңізді шыңдай түсіңіз. Егер тапсырма тым күрделі болса, достарыңыздың көмегіне жүгінген жөн. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив