Тоқты
Жуықта қарым-қатынасыңыз жарасып жүрген жандардың бірі тосын әрекетімен таңқалдырады. Қуаныш әкелетін ақпарат емес, қайта әлдеқандай өкпе-реніші барын білдіреді. Мұндайда тыңдаушы рөліне еніп, ашу-ызаға ерік бермеген жөн.
Торпақ
Нәзік жандылар кешкі салқынмен бақша жұмысына кіріскенді жөн көреді. Бала-шағаңыз жарқын жетістіктерімен қуантса, жұмыста ұжымдағылар жағымды жаңалық жеткізеді. Жалпы, осы апта сәттілік әкелейін деп тұр.
Егіздер
Өмірлік жарыңызбен ойыңыз бір жерде қиылыспай, отбасында ыдыс-аяқ жиі сылдырлауы кәдік. Жағдай ушықпас үшін ара-тұра үнсіз қалуға көшіңіз. Әйелдердің ашуы сүт пісірім уақытта тыйылады ғой, көбінде әліптің артын баққаныңыз да орынды қадам.
Шаян
Бұған дейін спортпен шұғылданбаған Шаяндарға қазір іске кіріскен дұрыс. Әсіресе сенбі, жексенбі күндері табиғат аясына шығып, құрыс-тұрысыңызды жазып қайтсаңыз сергисіз. Қарт адамдар тыста жүргенде абай болғандары жөн.
Арыстан
Аяқсыз қалған шаруаларыңыз болса бос уақытыңызды соны біржақты етуге жұмсаңыз. Олай болмағанда басшылық жүктеген жаңа тапсырмалар шаруаңызды тіптен шаш етектен көбейтеді. Демалыс күндері жақындарыңыздың бірі хабарласуы мүмкін.
Бикеш
Қаражатқа қатысты түйткілдерді сол саладан хабардар жанның шешкені жөн. Шымшық сойса да қасапшы сойсын. Отбасыңызда ойламаған жерден ұрыс-керіс шықса, арада аз уақыт өткен соң саябырсуына өзіңіз себепші боласыз.
Таразы
Апта басындағы маңызды шаруаларды ың-шыңсыз аяқтау үшін күн тәртібін жақсылап бекітіп алыңыз. Түлен түртіп, жақыныңыздың затын үптеп кетсеңіз немесе ренжітіп алсаңыз кешірім сұрауға асығыңыз. Демалыс күндерін емін-еркін, тыныштықта өткізіңіз.
Сарышаян
Жиі қырсық шалып, кедергіге ұшырап жүретін Сарышаяндардың кейде сенімсіздік танытатын көзқарасы беки түспек. Әсіресе апта ортасында маңызды келісімшартқа қол қойып, еңсе тіктей бастайсыз. Бастысы, асығыстық танытпаңыз.
Мерген
Үнемі секемденіп, елеңдеп жүрген жағымсыз жайт жуықта болмақ. Бұған барынша сабырмен, салқынқандылықпен қарағаныңыз ләзім. Жұмыстағы қауырт тапсырмаларды орындап біткеніңізбен, жеке өміріңіздегі түйткілдер күш-қуатыңызды біршама сарқиды.
Тауешкі
Түрлі мәселелер пен әсірекөп тапсырмаларды достарыңызбен бөлісуге еш қысылмаңыз. Осыған дейін өзгелерге қаншама қолдау білдіріп, көмек көрсеткеніңізді ескерсек, ешбірі бұл өтінішіңізге қабақ шытып қарамайды.
Суқұйғыш
Жалғыз ғана мәселе отбасы шеңберінде болмақ. Ол қаражат, бала тәрбиесі немесе басқа тақырыпты қамтымақ. Өмірлік серігіңіз кейбір кикілжіңнің бастамашысы өзі болғанын мойындаса, жағдай әп-сәтте өзгеріп шығады.
Балықтар
Алдағы аптада елең еткізерлік жаңалықтар бола қоймайды дейді Жұлдыздар. Десе де кейбір маңызды жоспарды осы бастан ойластыра беріңіз. Ал маңызды кездесулер мен басқосуларды сәрсенбі, бейсенбі күндеріне белгілеп қойсаңыз болады.
Пікірлер