Тоқты
Маусым айында орындалып қалады-ау деп құрған жоспарыңыз аяқасты өзгеруі мүмкін. Жақындарыңыз жалған ақпарат айтып, істі одан әрмен насырға шаптырады. Қаржылық мәселелерге келгенде асқан жинақылық танытыңыз.
Торпақ
Әліңіз келмейтін тапсырмаларды орындаймын деп титықтап қалмаңыз. Маңызы жоқ тақырыптарды қозғап, шеңберіңізден шығаруға әрекеттенетіндерді елемеуге тырысыңыз. Жаңа жобаны жүзеге асыру жолында ақша құйсаңыз желге ұшпауын қадағалаңыз.
Егіздер
Кейде бар тірлікті бір қапқа нығыздап, шандып байлап тастағыңыз келеді. Жауапкершілігі мол тапсырмаларды толықтай еңсерудің сәті түспесе де, негізгі жұмыстарыңызды біржақты етуге мүмкіндігіңіз мол.
Шаян
Түйсіңізге құлақ түрсеңіз ешнәрсеге үлгермейтін сияқтысыз. Кей тұрғыдан алып қарағанда солай екені рас, сол себепті қадамыңыз қашан да нық болғай. Соңғы уақытта бала-шағаңызға көңіл бөле алмай жүргеніңізді естен шығармаңыз.
Арыстан
Жағдай бірқалыпты, ешкімге қандай да бір уәде бермедіңіз, іскерлік кездесу де бекітпедіңіз. Десе де басшылық басқа тапсырма жүктеуі мүмкін сізге. Отбасында кикілжің болмас үшін сүйіктіңізбен кейбір жайттардың басын ашып алыңыз.
Бикеш
Өзіңіз үшін қуанышқа толы, жеңісті апта. Үйде ешбір жұмысқа үлгермесеңіз де жұмыста сіз бағындырған белес қалмайды. Қосымша табыс жағы да көп күттірмейді: апта соңына қарай қалтаңыз қампайып қалуы мүмкін.
Таразы
Ұнатқан адамыңызбен көптен бері хабарласып, қал-жағдай біліспеген сияқтысыз. Романтикаға басымдық беріп, салатанатты кеш ұйымдастырып көрерсіз? Әлдекім күтпеген жерден төбе көрсетіп, небір қызық оқиғаларға жетелеп әкетуі бек мүмкін.
Сарышаян
Әмияныңызды бір тексеріп қойыңыз. Қаражатыңыз орнымен жұмасалып жатыр ма, соған мән беріңіз. Мейілінше, үнемдеп ұстауға тырысыңыз. Алыс сапарға баруға ұсыныс түссе бас тартпаңыз: бәлкім жұмыс арасында тынығып алудың сәті түседі.
Мерген
Бәрінің қалағандай болмайтыны белгілі. Жоспарлаған қадамыңыз оңынан болмай жатса еш қапаланбаңыз. Жеке өміріңізде әсіре сақ болыңыз: қолының сұғанағы барлар ту сыртыңыздан пышақ салуы мүмкін.
Тауешкі
Жақын адамыңызбен жанжалдасып қалсаңыз татуласуға өзіңіз бірінші қадам басыңыз. Қазір ешкіммен ұрыс-керіске барудың реті жоқ. Жұмыста басшылық күрделі тапсырмалар жүктейді.
Суқұйғыш
Қорқып, қобалжитын сәттер жиілейді. Суқұйғыштардың көбі жалғыз қалуды ұнатпайды. Бір нәрсені бастасаңыз кейін еш өкінбеңіз, әр қателік өмірлік тәжірибе жинауыңызға себепші. Жаңа таныстық орнатсаңыз, мінез-құлқын барлап шыққаныңыз ләзім.
Балықтар
Апта соңында үйіңізге қонақтар келуі мүмкін. Олай болмағанның өзінде бөлмелердің тазалығына мән беріңіз. Жалғызбасты Балықтар апта соңына қарай өмірлік серігін жолықтырып қалулары әбден мүмкін. Демалыс күндері достарыңызбен бас қоссаңыз артық етпейді.
Пікірлер