Тоқты
Мүмкіндігінше көбірек демалыңыз. Еңбекке деген қабілетіңіз осыған байланысты айқындалмақ. Қазір жақындарыңыз сұраса да қарызға ақша беруден бас тартқаныңыз жөн – тез арада қайтуы екіталай.
Торпақ
Жан-жақты болуды қалайсыз. Пайдалы курстарға жазылып, таным көкжиегін кеңейтіңіз. Аптаның бірінші жартысына ешнәрсе жоспарламаңыз, одан да үймеленіп қалған шаруаларды біржақты етуге тырысыңыз.
Егіздер
Осы апта табысты мерзім ретінде есте қалады. Жұмыста қызметіңіз жоғарылап, әріптестеріңіздің арасында беделіңіз артады. Екінші жартыңызбен арақатынасыңыздың бұзылып кетпеуін қадағалаңыз.
Шаян
Қолға алған жұмысыңыз өзіңізге қасарысқан тәрізді ілгерілейтін емес. Дос-жарандарыңыздан көмек сұрауға тура келеді. Түпкі ойы пайда көруді мақсат ететін таныстарыңызды іске араластырмаңыз.
Арыстан
Ұжымдағы жаңа тағайындаулар мен сәт сайынғы өзгерістер сізді әркез жинақылыққа шақырады. Отбасыңызда ыдыс-аяқ сылдырлап, жұмыста түсініспеушіліктер байқалады. Әліптің артын бағып, сабыр суыңызды сарқып алмаңыз.
Бикеш
Қазір бала-шағаңыздың маңдайынан иіскеп, жұбайыңызбен емен-жарқын шүйіркелесудің орайы тумақ. Жұмыс менмұндалап тұрса да жақындарыңызбен жиі араласуға тырысыңыз.
Таразы
Өз шеңберіңізде қырағылық танытыңыз: әр қателігіңізді әжуа-келекеге айналдыруға асығатын жандар табылады. Негізі әрбір жайтқа жымия қарасаңыз да болады, тек кей сәттерде эмоцияңызды білдіріп алудан аулақ болыңыз.
Сарышаян
Іскерлік кездесулердің соңы игілікке әкелмейді, өкінішке қарай. Ал нәзік жандылармен жолығуды мақсат етсеңіз ісіңіз алға басып, тасыңыз өрге домалайын деп тұр. Реті келсе ешкіммен жанжалдаспаған жөн.
Мерген
Даудың басы тереңде жатса да кінәлі өз ішіңізде жүруі мүмкін. Кез келген ұрыс-керістің соңы бір бітімге келумен аяқталса, бұл жағдайда шу шығарған адам тура өзіңізден кінәрат іздейді. Сондықтан әр қадамыңызды екшеп басыңыз.
Тауешкі
Қай саланы бастасаңыз да еш жасқанбаңыз. Қайта өзіңізше тәжірибелер жасап, қабілетіңізді әр бағытта сынап көріңіз. Демалыс күндері киім сататын дүкендерге барып, киіну үлгісін өзгертемін десеңіз, мархабат.
Суқұйғыш
Әлдене ұнамай тұрса да пікір айтудан жасқанасыз. Мұның басты себебі, бойыңыздағы тартыншақтықтан болуы ғажап емес. Сұхбаттасушы адамыңыз көп жайттардан бейхабар болса, сырыңызды аша беруден аулақ болыңыз.
Балықтар
Жан-дүниеңізді сенімсіздік жайласа тәуекел етіп, маңызды тірлікке кіріспегеніңіз дұрыс. Сезімталдық қасиетіңіз қазір қажет. Туыс-туғандарыңыздың көмекке мұқтаждығын байқасаңыз, дереу қолұшын беруге асығыңыз.
Пікірлер