Тоқты
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, апта ортасы тыныштықта, қандай да бір әуре-сарсаңсыз өтеді. Біреуден тосынсый күтудің де қажеті жоқ. Сондықтан күйбең тірлікті бір сәтке ұмытып, тынығуды ойлаңыз.
Торпақ
Бұған дейін араларыңыздан ала мысық өткен адамдармен қарым-қатынасыңызды түзеуге қолайлы уақыт. Жұмысыңызда әсірекөп жүктемелерді орындаған соң одан да күрделісіне жолығуыңыз мүмкін. Бастысы, босаңсымаңыз.
Егіздер
Қашан да жинақы жүріңіз. Кейбір жоспардың уақтылы іске асуы өзіңіздің кәсіби шеберлігіңіз бен пысық-ширақтығыңызға байланысты. Апта ортасында үзіліс жасаңыз: табиғат аясына шығып, ой сергітіп қайтыңыз.
Шаян
Қазір жоқ жерден дау-жанжал шығуы ғажап емес. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігін анықтауға асықпаңыз. Қолыңыз тигенде саяжайда еңбектеніп, құрыс-тұрысыңызды жазсаңыз құба-құп.
Арыстан
Ашуды жеңдіріп, жүйке-жүйеңізге салмақ түсіруді азайтқаныңыз жөн. Тіпті осының салдарынан жұмыста да, үйіңізде де тұрмыстық заттар сынуы мүмкін. Сенбі-жексенбі күндері ақшаңызды оңды-солды шашудан аулақ болыңыз.
Бикеш
Жалғызбасты Бикештерге сүйіктісін табуды ойластырған жөн. Әне-міне деп ойланып жүргенше жалғыздықты серік етіп жүрмеңіз. Кейде үйдегілермен ойыңыз бір жерден шықпай жатуы мүмкін, мұндайда сабырлық сақтаңыз.
Таразы
Биыл жұмыс ерекше қарбалас. Ауылда тұратындар қазірдің өзінде шөп науқанын ойлап, тракторларын қамдауға кіріскен. Қала тіршілігі сол беймаза күйі: шілденің қақа ортасы болған соң көбі суға түсуге асық.
Сарышаян
Осы кезеңде өзіңізді дамытып, жан-жақты ізденгеніңіз жөн. Бар нәрсемен шектелгеннен гөрі «Білгенім – бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» дегенді басшылыққа алыңыз. Мүмкіндігіше өзіңізден мықты адамдармен пікір алмасыңыз.
Мерген
Өз ортаңызда не нәрсеге әлеуетті екеніңізді көрсетіп бағыңыз. Әріптестеріңіз байқап, еңбегіңізге лайықты бағасын берсе, басшылықтың сыйақы жазып беруі де ғажап емес. Ауыр жұмыс тындырып, өзіңізді шаршатып алмаңыз.
Тауешкі
Бойыңызға шабыт келіп, жаңадан бір істі бастауға құлшынасыз. Ендеше қиял құсын қияға ұшырып бағыңыз. Өкінішке қарай, кейбір Тауешкілер сатқындыққа ұшырап, адал достың бар екендігіне күдікпен қарай бастайды.
Суқұйғыш
Жоспарыңызды біржақты етуге тамаша кезең. Ең алдымен жуық арада қолға алатын жұмыс тізбесін жасап алыңыз. Мақсатыңызға жетер жолда ұшырайтын кедергілерді елемеуге тырысыңыз.
Балықтар
Достарыңызбен ренжісіп қалуыңыз ғажап емес. Өкініштісі сол, мұның себепшісі де өзіңіз боласыз. Жасаған қадамыңызға кейін өкінбес үшін жиі кешірім сұраудан еш қысылмаңыз.
Пікірлер