A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 09:15 0

21 - 27 шілде аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Алаңдаумен, жан-жағыңызға жалтақтаумен жүресіз. Ақша болсын, кез келген мәселеге қатысты түйткілдердің пайда болып, кейін бірден шешімін табуы өмірдегі қазіргі аяқ алысыңызға байланысты. Сондықтан бір қадам алға басуға тырысыңыз. 
Торпақ
Торпақтардың бір сәт өзімен-өзі қалғандары жөн. Себебі көптеген күрделі жайттарды саралауға мүмкіндік аласыз. Әлеуметтік тұрғыда белсенділік танытқаннан гөрі алыс жақтарға саяхаттап қайтыңыз.
Егіздер
Апта соңына қарай денсаулығыңыз сыр беріп, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Тәтті мен ащыға деген әуестік бүйрек, бауыр қызметіне кері әсер етуі ғажап емес. Дұрысы, ақ халаттылардың қабылдауына барыңыз.
Шаян
Шілде аяқталмай шаш етектен қордаланған шаруалардың әлегімен жүресіз. Оқыс шешім шығарудан аулақ болыңыз. Егер басқа жұмысқа ауысуды ойласаңыз жеті рет өлшеп, бір рет кескеніңіз жөн.
Арыстан
Апта қарбалас өтпек. Түрлі іс-шаралар, басқсоулар біршама шаршатады. Сол себепті барынша шыдап бағыңыз: апта соңына қарай көптен көріспеген дос-жарандарыңыз қоңырау шалып, әңгіме-дүкен құруға қолға салулары ғажап емес.
Бикеш
Жұмыста бар ынта-жігеріңізді іске қосып, әріптестеріңіздің арасында беделіңізді өсіре түсіңіз. Бұлай істеу оңай болмаса да басшылық жүктеген әр тапсырманы тиянақты етіп орындаңыз. Бикештер қатарының алды болғанды ұнатады.
Таразы
Апта бойы көпшілік ортасында көбірек уақыт өткізіңіз. Дене шынықтыру-сауықтыру шараларына қатысып, өзіңізді қазылар алқасы ретінде сынап көріңіз. Егер бос уақытыңызды барынша тиімді өткізгіңіз келсе, қосымша үйірмелерге жазлыңыз.
Сарышаян
Қарбалас пен тосын жайттарға толы кезең болмақ. Күш-қуатыңызды молынан жұмсағаныңызбен, қайта қалпыңызға келу көп күттірмейді. Шаршағанды басамын деп ащы су ұрттап, темекіге әуестеніп кетпеңіз.
Мерген
Шығармашылық бағытқа бұрылғыңыз келеді. Алайда кейбір материалдық қажеттіліктер кәсіпке ойысуыңызға себепкер болады. Ұдайы қарбаласпен жүріп сүйіктіңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз.
Тауешкі
Мәнсап сатысымен жоғары өрлеп, басқа қызметке ауысуға қолайлы кезең. Мол табысқа кенелуіңіз өзіңіздің кәсіби біліктілігіңіз бен жұмыс стиліңізге байланысты. Сол себепті жүйелі жоспарды таңсәріден құрғаныңыз жөн.
Суқұйғыш
Қазір ықпалды серіктес тауып, маңызды келісімшарт жасасудың тамаша мүмкіндігі туып тұр. Кез келген адамның ақыл-кеңесіне құлақ түріп, ой-пікірін тыңдаудың еш әбестігі жоқ. Демалыс күндері отбасыңызбен табиғат аясына шығып қайтыңыз.
Балықтар
Қаражат жағы қыспаққа алып, күш-қуатыңыз соны қалыпқа келтіруге жұмсалады. Дегенмен түйткілдің төркіні сізде емес! Сағыңыз сынбасын, дегенмен өзгелердің табысын санаудан аулақ болыңыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив