A+ A A-

talgatzhan 31 4-08-2025, 09:15 0

4 - 10 тамыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Апта басы қымбат болмаса да, әлдеқандай заттар сатып алғанға қолайлы. Үй алғыңыз келіп жүрсе қамдана бергеніңіз жөн. Бірақ жұмысты ұмытып кетпеңіз. Егер өз міндеттеріңізге дұрыс атқармасаңыз басшылықтан сөз естисіз. 
Торпақ
Қазір қаржылық және отбасылық мәселелерді шешуге ыңғайлы уақыт. Жұлдыздар осы аптада әр ісіңіз сәтті болады деп болжауда. Жаңа адамдармен танысу арқылы әраулан мүмкіндіктеріңіз молая түседі. Бірақ барлығына сене бермеңіз. 
Егіздер
Шынай ықпалды адамдармен байланыс орнататын кез жетті. Сондықтан жұмысыңызда өсуге мүмкіндік болмаса, басқа салаға ауысуды қарастырып көріңіз. Орынсыз шығындардан бас тартып, ақша үнемдеңіз. 
Шаян
Мәнсап жолында өрлеуіңіз ықтимал. Ал бірақ махаббат жағынан сізді тосынсый күтіп тұр. Ол жақсы ма, жаман ба, өзіңізге байланысты. Сол үшін екінші сыңарыңызбен араларыңызды суытпаңыз. 
Арыстан
Бойыңызда күш-қуатыңыз тасып тұр. Жұмысыңызда да тек алға қадам басып келесіз. Десе де асығыстық танытпай, әр қимылыңызды өлшеп барып жасағаныңыз абзал. Қасыңызда пейілі кең достарыңыз бар. 
Бикеш
Қазір Бикештердің біршамасы табысын арттыруды көздеп жүр. Алайда әлеуетіңізді дұрыс пайдаланбау және жұмыс тәртібін дұрыс ұйымдастырмаудың салдарынан қиындықтар туындауы мүмкін. Барынша шыдамды болыңыз.
Таразы
Осы аптада сәттілік Таразылар жаққа ауады. Алдағы 7 күн қандай да бір бастамаға қолайлы уақыт. Алға қойған мақсат-мұраттарыңызға жетуге қауқарыңыз жетіп тұр. Сондықтан алтын уақытты текке кетірмеңіз.
Сарышаян
Құр айтылған уәделерге сене беруден аулақ болыңыз. Қазір біреуге арқа сүйеп жүретін заман емес. Үнемі өзіңізді дамытып, алдағы күнге жоспар құруға дағдыланыңыз. Сонда алынбайтын қамал болмайды! 
Мерген
Бұл апта басқаларға өз мүмкіндіктеріңізді паш етуге ыңғайлы кез. Әріптестеріңіз бен басшылыққа ерекше әрі дұрыс шешім қабылдай білетініңізді, батыл қадамнан қорықпайтыныңызды дәлелдеп көрсетіңіз. Бәлкім, сізді толық тани алмай жүр.
Тауешкі
Бір апта ішінде өзіңізді дамытуға ден қойыңыз. Бір жерге саяхатқа барып немесе жаңа үйірмелерге жазылғаныңыз абзал. Демалыс күндері ешкіммен сөйлескіңіз келмей, жаныңыз жалғыздықты қалайды. 
Суқұйғыш
Қолға алған түрлі жобаларды сәтті жүзеге асыруға – біліктілігіңіз бен біліміңіз жетіп тұр. Ішкі түйсігіңіз де керек кезде оңды шешім қабылдауға сеп болады. Сондықтан ештеңеден жүрексінбеңіз, жасқаншақтық жарға жығуы мүмкін.
Балықтар
Балықтар үшін апта сәтті өтеді. Жұмысыңызда ешқандай қиындық туындамайды. Махаббатқа қатысты айтар болсақ, екінші сыңарыңызды жолықтыруыңыз мүмкін. Бәлкім, бақыт құсы осы болар, не де болса барлығын дұрыстап бағамдап бағыңыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив