Республика күніне орай «Жастар Рухы» Жастар қанатының қолдауымен «Менің елім - менің туым!» акциясы барлық өңірлерде бастау алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Акция аясында «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының белсенділері Өскемен қаласының көпқабатты ғимараттарына көк туымызды көтерді.
Аталған акцияның мақсаты - патриотизм мен бірлікті нығайтуға бағытталған. Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын. Акцияға сіз де қатысып, өз үлесіңізді қосуға шақырамыз, - деп хабарлады филиалдан.
Пікірлер