A+ A A-

talgatzhan 29 23-09-2024, 16:59 0

Риддердегі жылу қазандықтарының біріне 5000 тоннадан астам көмір сатып алынуда

Риддер

Қала әкімі Думан Рахметқалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жылыту маусымына дайындық кезеңі туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның айтуынша, орталық ЖЭО-дан бөлек, қала тұрғындары үшін Тишинский қазандығының жұмысы реттелмек.
- Бүгінде «ЛТВК» ЖШС және «Казцинк» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде Қазцинк ЖШС Тишинский қазандығына 5200 тонна көмір сатып алып жатырмыз. Жалғыз мәселе - құжаттамаларды пысықтап, қазандықты халық игілігіне беруге даярлық. Аталған компаниялар осы мәселені дер кезінде шешеді деген үміттеміз. Айтпағым, қала тұрғындары биыл жылусыз қалмайды, - деді Думан Рахметқалиев.
Сондай-ақ қала орталығындағы Тишинский қазағындығын мемлекет теңгеріміне өткізу жоспарланған, алайда бұл мәселе де біраз уақытты алмақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив