Армрестлингтен ірі додалардың барлығында дерлік жүлде алып жүрген Данияр Ауданбек әркімнің дауысы маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері кеншілер қаласының, ел намысын ауқымды аламандарда абыроймен қорғап жүр. Екі мәрте жаһандық жарыста топ жарған. Сайлау учаскелерінің біріне келген ол АЭС салу бойынша өтіп жатқан референдумда әркімнің дауысы маңызды екенін айтты.
Пікірлер