A+ A A-

talgatzhan 18 6-10-2024, 19:50 0

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары референдумда дауыс берді

Риддер / Бүгін

Риддерде тұратын Бауыржан Дүйсенбайұлының отбасы өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, дауыс берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұған қарап сайлау учаскелеріне келушілер арасында жанұялардың көптен бой көрсеткендерін атап өтуге болады.
Тағы бір айта кетер жайт, Бауыржан Дүйсенбайұлы мен Дина Қайратқызының шаңырағы кеншілер қаласы бойынша өткізілген «Мерейлі отбасы» байқауында жеңімпаз атанды. Биыл олардың отбасы құрғандарына он екі жыл болған, төрт баланы өсіріп, жеткізіп отыр. Бауыржан өз шаруашылығымен айналысады, Динара «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясында бастауыш сыныпқа сабақ береді. Саналы ұрпақ тәрибелеп, ел болашағына алаңдар буын қалыптастыруды мақсат еткен. 
Ұлдары Нұрасыл дзюдодан облыстық сайыстарда олжа салып жүр, Інжу, Іңкәр есімді қыздары спорттық гимнастикадан әркез жүлдегер атануда. Кенже қыздары Сезім балабақшада өтетін шараларға белсене қатысады. 
Бауыржан Дүйсенбайұлының отбасы бала-шағасын өсіріп, жеткізіп қана отырған жоқ, көпке үлгі атанып үлгерген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив