A+ A A-

talgatzhan 21 17-10-2024, 10:20 0

Жүлде қоры - 600 000 теңге: Риддер қаласының мәдени күндері Өскеменде өзгеше өткелі тұр

Риддер / Бүгін

Қазан айының 18-і күні кешкісін концерт, сенбі күні жәрмеңке мен түрлі жарыстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара «Туған жер-алтын бесігім» жобасы аясында «Ертіс концерт» мекемесінің филармония залында өтеді. Ұйымдастырушылар Риддер қаласы шығармашылық ұжымдарының Гала концерті қызыққа толы өтеіндігін айтып жатыр.
– Кеш аясында Риддер қаласының халық шығармашылығы көрмесі өтеді. 19-шы қазанда сағат 7.00-де Жібек жолы даңғылы, 44 мекен-жайында орналасқан Шығыс – Алтай сауда орталығы алаңында Риддер қаласының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, қол күрес, арқан тарту, гір көтеруден сайыстар мен көркем өнерпаздар концертін тамашалай аласыздар, – делінген ақпаратта.
Мәдени шара мұнымен шектелмейді. Сағат 11.00-де Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде садақ атудан Риддер қаласы әкімінің кубогы өтеді. Жүлде қоры - 600 000 теңге.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив