A+ A A-

talgatzhan 25 24-09-2024, 17:00 0

Өскеменнен Үлкен Нарынға жеткенше бірде-бір дені дұрыс дәретхана жоқ – Ермек Көшербаев

Үлкен Нарын / Бүгін

Жыл басталғалы Үлкен Нарын ауданына 3,5 мыңнан астам турист келген. Облыс әкімі Ермек Көшербаев жаңадан құрылған Үлкен Нарын ауданына туристерді тарту бастамасын қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс аумағында туризм саласын дамыту мақсатында арнайы конкурс жарияланды. Анықталғандай, туристік аймақ құру, экотуризмді дамыту, шағын орта бизнесті дамыту мақсатында үздік жоба дайындаған ауданға 100 млн теңге инвестиция бөлінеді. 
– Аймақта туризм саласын дамыту енді бәсекелестік принципте жұмыс істемек. Облыс аумағындағы озық туристік кешен жоспарын ұсынған аудан аталған қаржыға ие болады. Мемлекеттік атқарушы органдар елдімекен тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен аудан экономикасына берер пайдасына қарай талапқа сай ауданды таңдайды. Мәселен, мемлекеттік қаржыдан бөлінген 1 теңгені, жергілікті кәсіпкерлер 3-4 еселеп қайтаратындай қауқары болуы керек, – деді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.
Үлкен Нарын ауданына жыл басынан бері туризм саласы көрсеткен қызметтердің жалпы құны 29,9 млн теңгеге жеткен. Қазір ауданда ірі демалыс базасы, санаторий, 2 балалар лагері және 2 қонақ үй туристерді қабылдауда.
– 2028 жылға дейін Үлкен Нарын ауданында 6 туристік жоба қолға алынбақ. Бюджеттен бұл жобаларға 238,2 млн теңге бөлінеді. Ашып айтқанда, аудан орталығында жаңа хостел мен Солдатово ауылында қонақ үй ашылады. Приморск ауылында қонақүй, Бұқтырма су қоймасы жанында демалыс орны, Майемер ауылында жол бойында қымызхана құрылысын жүргізу жоспарға алынды. Облыс орталығынан Үлкен Нарынға дейінгі жолда дені дұрыс санитарлық тораптың жоқ. Қазір әр аудан әкіміне жол бойына кемі 2 санитарлық торап орнатуға тапсырма бердім, – деді Ермек Көшербаев.

Фотосурет azattyq-ruhy.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив