A+ A A-

talgatzhan 114 30-09-2024, 14:21 0

Зайсанда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай конференция өтті

Зайсан / ЖАҢАЛЫҚТАР

27 қыркүйек күні  Зайсан қаласында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы мен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


Жиынға ғалымдар, тіл мамандары, зиялы қауым өкілдері мен Зайсан ауданы бойынша Шекара басқармасының сарбаздары қатысты. Конференцияны Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының тілдерді дамыту, ономастика және мәдени мұра бөлімінің басшысы Г.Казимова алғысөзбен ашты. Шара барысында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Айымгүл Сейпутанова “Заман тарихы мен ел тағдырының тамыршысы, классик жазушы - Ә. Нұрпейісов”, М.Әуезов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ардақ Сағдолдина “Ә.Нұрпейісовтың кейіпкер характерін жасаудағы шеберлігі”, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Райхан Ырысты ““Қан мен тер»: ішкі  әлемнің тартысы”, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы Ләззат Әскербекқызы Ә.Нұрпейісовтың ““Қан мен тер" трилогиясындағы дәуір тынысы мен көркемдік әлемі”,  Жарсу орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зертеуші Жадыра Назарбекова “Ә. Нұрпейісов шығармаларында суреттелген үздік кейіпкерлер әлемі”, Риддер қаласы тілдерді оқыту орталығының аға оқытушысы Алия Мухамадиева "Ә. Нұрпейісовтің  шығармашылығындағы суреттеу тәсілдерін сабақта пайдалану", Біржан ауылдық кітпаханасының кітапханашысы Ғалия Қасбаева  «Қан мен тер» – қазақ әдебиетінің үздік шығармаларының бірі» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция соңында қатысушылар жазушы шығармашылығана арналған кітап көрмесімен танысып, “Жастар поэзиясының” көркемсөз оқу өнері мен мерекелік сазды бағдарламаны тамашалады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив