Айнабұлақ ауылындағы №606 сайлау учаскесінде аудандағы Екінші дүниежүзілік соғыстың жалғыз ардагері Зәкен Құрманғожанов өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Зәкен Құрманғожанов 1923 жылы Зайсан ауданындағы Сарыжыра ауылында дүниеге келген. Саналы ғұмырында көптеген қиындық көріп, мол тәжірибе жинақтаған ақсақал бүгінде жастарға үлгі болып отыр. Биыл ол 101 жасқа толды.
Зәкен атаның дауысы – бүгінгі күннің маңызды оқиғасына қатысуының символы, елдегі патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Пікірлер