A+ A A-

talgatzhan 32 20-09-2024, 12:20 0

Биылғы жарты жылда елге 14 мың адам келіп, 7 мың адам көшіп кеткен

Республика

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында еліміздегі ағымдағы көші-қон жағдайы туралы баяндады. Оның айтуынша, 2024 жылы сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады. Көші-қонның оң сальдосы 2 жыл бойы сақталып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

«2024 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы +7,3 мың адамды құрады. Елге 14 мың адам келіп, 7 мың адам көшіп кетті. Елдердің бөлінісі бойынша көші-қон өсімі негізінен ТМД елдері мен Қытай Халық Республикасына тиесілі болып отыр. Білім деңгейі бойынша да оң сальдо қалыптасты, мәселен, елімізге білімді адамдар көбірек келгені байқалады», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Ал ішкі көші-қон бойынша азаматтардың қозғалыс белсенділігінің өсуі байқалады. Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе өсті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив