13-қыркүйекте ШҚО бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
"Қазгидромет" РМК шығыстағы филиалының ақпараты бойынша, 13-қыркүйекте облыстың шығысында жауын - шашын: жаңбыр, қар жаууы мүмкін. Ал солтүстігінде найзағай түсу қаупі бар. Түнде өңірдің басым бөлігінде ауа райы -2° C-ге дейін төмендеп, аяз ызғары сезілмек.
Пікірлер