A+ A A-

talgatzhan 34 13-09-2024, 11:05 0

Жыл басынан бері 123 шығысқазақстандық гинекологиялық ауруға шалдыққан

ШҚО

ШҚО КОжХО клиникалық-диагностикалық бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Шолпан Нұрғалиеваның айтуынша, биыл 8 айдың ішінде дәл осындай қатерлі ісікпен ауырған 123 науқас анықталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл аурудың құрылымында жетекші орынды жатыр денесінің қатерлі ісігі, екінші орында - жатыр мойны обыры, үшінші орында - аналық бездің қатерлі ісіктері алады.

- Әйелдерге гинекологқа жиі бару және жылына кемінде бір рет кіші жамбас ультрадыбыстық зерттеуден өту ұсынылады. Тұрақты тексерулер онкопатологияны ерте сатысында анықтап қана қоймай, обыр алды ауруларды диагностикалауға, оларды емдеуге және қатерлі ісік қаупін болдырмауға мүмкіндік береді. Әсіресе 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған скринингті жылына бір рет қабылдауы керек. Мәселен, жыл басынан бері, яғни 8 айда жатыр мойны обырының скринингі аясында 28 703 зерттеу жүргізілді, нәтижесінде 257 қатерлі ісік және 5 жатыр мойны обыры анықталды, - деді Шолпан Нұрғалиева.

Онкологиялық орталықта хирургия, химиотерапия, сәулелік терапия, гормондық терапия, таргентті терапия және иммунотерапия сияқты гинекологиялық қатерлі ісіктерді емдеудің әртүрлі әдістері қолданылады.

Айта кету керек, 14-ші қыркүйекте ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығында гинекологиялық қатерлі ісіктердің алдын алуға және ерте диагностикалауға арналған Ашық есік күні өтеді.

- Бұл күні Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары дәрігердің жолдамасы және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек. Онкологиялық орталықтың емханасында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Ашық есік күні стационарда өтеді. Емхананың  Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 2-корпус мекенжайында орналасқан, - делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив