A+ A A-

admin 33 20-09-2024, 11:02 0

"Жол жылы": ШҚО-да жол жөндеу кезінде кемшіліктер анықталған

ШҚО

Мәлім болғандай, өңірде “Жол жылы” аясындағы қауырт жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев жол жөндеу әр ауданда, республикалық және облыстық маңызға ие жолдарда үздіксіз әрі сапаға ден қоя отырып жүргізілуі тиіс екенін баса айтқан болатын. Соның мән-жайы не болып жатқанын жиналыс барысында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтен сұрады. Алға қойылған меже - жыл аяқталғанша 600 шақырымды жөндеу. 
- Бүгінде 400 шақырым жөнделді. Жұмыс жалғасып жатыр. Сапасы бақылауда. Бірақ жөндеу барысында кемшіліктер анықталғанын жасырмаймыз. Дегенмен уақтылы реттелуде. Қалған 200 шақырым қазан айы біткенше тәмамдалады. Қар жауып кетсе, асфальттау тоқтатылады, - деді басқарма басшысы.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив