A+ A A-

talgatzhan 19 20-09-2024, 11:23 0

Ермек Көшербаев “Қонақжай отбасы” жобасын әрі қарай дамытуды тапсырды

ШҚО

Облыс әкімінің айтуынша, аталған жобаға Ғылым және білім министрлігіндегілер жоғары бағасын берген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еске сала кетейік, былтыр жазда қазақ тілін үйренгісі келген балалар Катонқарағай ауданына қарасты Өрел, Берел және Катонқарағай ауылдарында 20 күн тұрған болатын. Тіл үйренуден бөлек, қазақы салт-дәстүрмен танысуға мүмкіндік алды.
- Осы жоба облыс мақтанышына айналып отыр. Биыл 100-ден астам бала қамтылды. Енді осыған бөлінетін қаржыны да ұлғайту керек. Мұны Білім басқармасы басшысына тапсырамын. Өскемен, Риддер қалалары және Глубокое, Шемонаиха аудандарының бүлдіршіндері қазақ тілін үйренуге ниет білдірсе, Тарбағатай, Зайсан аудандарының 20 ұл-қызы Риддер қаласы мен Глубокое ауданына барды, - деді Ермек Беделбайұлы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив