Нақты ақпарат облыстық мәслихат сессиясы отырысында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңір әкімі Ермек Көшербаевтың сөзінше, облыста 344 мектеп бар.
- Олардың 30-ы тозығы жеткен мектептер. Орта есеппен жыл сайын біз 10 нысанды күрделі жөндеуге және 80 білім беру нысанын ағымдағы жөндеуге 2 миллиардтан астам теңге бөлеміз. Жыл басынан бері 287,2 млн. теңгеге жаңа үлгідегі 26 пәндік кабинет орнатылды (2024 жылға арналған жоспар - 549,3 млн. теңгеге 45 кабинет), - деді аймақ басшысы Ермек Көшербаев.
Пікірлер