A+ A A-

19 9-09-2024, 10:30 0

ШҚО-да мемлекеттік сатып алу кезінде заңнан аттаған шенеуніктер 14 млн теңге айыппұл төледі

ШҚО

Бұзушылық ШҚО прокуратура органдарының төтенше жағдайлар салдарын оқшаулау және жою үшін мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасудың заңдылығын талдау нәтижесінде анықталды.

Талдау нәтижесінде 1,4 млрд теңге сомасына заңсыз жасалған 78 келісімшарт анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұзушылық ШҚО прокуратура органдарының төтенше жағдайлар салдарын оқшаулау және жою үшін мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасудың заңдылығын талдау нәтижесінде анықталды.
- Атап айтқанда, әкімшілік ғимараттарды ағымдағы жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және т.б. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алған. Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасау арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - делінген ақпаратта.
Мәлім болғандай, бүгінге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив