A+ A A-

14 10-09-2024, 16:56 0

Өскеменде Ашық есік күні өтеді

ШҚО

14 қыркүйекте ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында гинекологиялық қатерлі ісіктің алдын алу бойынша кезекті Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Бұл күні облыс тұрғындары дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болса жеткілікті.

Онкологиялық орталықтың емханасында жөндеу жұмыстары жүруде, сондықтан Ашық есік күні стационарда өтеді.

Мекенжайы: Өскемен қ, Потанин көшесі, 6, 2-корпус (артқы есіктен кіру)

Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив