АЭС салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық халықтық штабының мүшелері Өскемен қаласының №4 бастауыш партия ұйымымен және білім саласының өкілдерімен кездесіп, атом электр станциясының тиімді тұстарын талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Біздің алдымызда болашақ үшін таңдау тұр. Ол таңдау атом электр станциясының елімізде салынуына байланысты болып отыр. Біз сіздермен осы мәселені талқылау үшін, сұрақтарыңыз болса жауап беруге келіп отырмыз. Бүгінде халықтың көп шоғырланған оңтүстік өңірлерінде электр қуатының тапшылығы сезілуде. Аталған электр қуатына деген тапшылықты онан әрі ұлғайтпас үшін бізге АЭС қажет деп есептеймін»,- штаб мүшесі Марина Быкова.
Сәйкесінше, жаһандық даму кезеңінде озық технологияларды, шетелдік тәжірибелерді елімізде іске асыру мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр. Сондықтанда, 6 қазан күні жалпыұлттық референдумда Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты сұраққа халық болып жауап беретін боламыз.
«АЭС салуға қатысты сұраққа мен былай деп жауап берер едім. Бүгінгі дамыған заманда елімізде атом электр станциясын салу ол –дамудың жаңа сатысына бетбұрыс немес замана көшіне ілесу. Себебі біздің елімізде электр қуатының тапшылығы бар екендігі жасырын емес. Осы тапшылықты болдырмаудың бірден- бір шешімі АЭС деуге болады. Сонымен қатар, бұл мыңдаған жоғары білікті мамандарды дайындауды қажет етері сөзсіз. Біздің Шығыс Қазақстан техникалық университеті де осы салаға қажет мамандар дайындауға атсалысады деп санаймын. Өз кезегінде, бұл университетімізге, жалпы елімізге жаңа технологиялық деңгейде көтерілуіне мүмкіндіктер жол ашады», - дейді Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің жетекші ғылыми қызметкері Айжан Байдилдина.
Сала өкілдері АЭС жайлы оң пікірлерін білдіріп, жасыл энергияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді.
Пікірлер