Оның 17 542-сі ішкі туристер болса, 1 362-сі шетел азаматтары, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, көрсетілген қызмет көлемі 138,8 млн теңгеге жетті.
- Туризм — аудан экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Зайсанның географиялық орны да туризмге ыңғайлы. 2026 жылдың бірінші тоқсанында ауданға келушілер саны 4800-ге жетеді деп күтілуде. Зайсан қаласы мен Қытай Халық Республикасының Жеменей қаласы арасында тұрақты автобус қатынасы жүзеге асырылуда. Жазда тәулігіне екі бағытта 6 рейс қатынап, туристер саны 1200 адамға дейін жетеді, - деді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Қорабаев.
Пікірлер