Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары Ермек Қорабаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның сөзінше, 48 үй ауылдарда, ал 2 көпқабатты тұрғын үй Зайсан қаласында салынады.
— Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 7,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 10,7 млрд теңгені құрап, 1542 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 2024–2025 жылдары ауылдарда 164 үй және Зайсан қаласында екі 30 пәтерлі тұрғын үй салынды. Биыл бұл жұмыстар жалғасып, елдімекендерде 48 үй мен аудан орталығында тағы екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады, - деді Ермек Қорабаев.
Пікірлер