Белсенді жұмыспен қамту шараларымен 231 жұмыссыз азамат қамтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауданда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында соңғы үш жылда 52 жас маманға көтерме жәрдемақы, 20 маманға бюджеттік несие берілді.
— Денсаулық сақтау саласы бойынша еңбек ететін 6 жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 4 адамға ауылда баспана сатып алу үшін көмек көрсетілді. Жыл соңына дейін 1006 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Оның 638-і — тұрақты жұмыс орны, - деді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Қорабаев.
Бұдан бөлек, білім беру саласында да жағымды жаңалықтар бар. Үлкен Қаратал және Сарыжыра ауылдарында жаңа мектептер салынып жатыр.
Пікірлер