Жоба «Казцинк» компаниясының бастамасымен, Білім басқармасы мен Полиция департаменті қолдауымен жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Акция аясында Өскемен, Риддер, Алтай және Серебрянск қалаларындағы шамамен 6 мың бірінші сынып оқушысына қауіпсіздік ережелері жазылған арнайы «Қауіпсіздік картасы» таратылады.
Картада көшеде, қоғамдық көлікте және әлеуметтік желілерде қауіпсіз жүріп-тұруға қатысты пайдалы кеңестер қамтылған. Сонымен қатар балалардың үйінен мектепке дейінгі және кері бағыттағы жолын карта ретінде белгілеп, өз бағытын сызуына арналған арнайы орын қарастырылған.
Алғашқы карталарды Өскемендегі №30 жалпы білім беретін мектептің бірінші сынып оқушылары алды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Пікірлер