A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:45 0

Алтай ауданына әкім тағайындалды

Бүгін / Алтай

Бүгін аудандық мәслихат депутаттары Еркін Тұраровтың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сөйтіп, Алтай ауданының әкімі болып Еркін Тұрарұлы Тұраров тағайындалды. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен және Шығыс Қазақстан облысы әкімімен кеңесу арқылы аудандық мәслихат депутаттарына ұсынылды. Халық қалаулылары ұсынылған кандидатураны қолдады.

Еркін Тұраров 1986 жылы 1 шілдеде Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылында дүниеге келген.

Білімі
2008 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Сәулет» мамандығы бойынша, ал 2020 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы
Өскемен қаласындағы "Промстрой» ЖШС жобалау тобында сәулетші тағылымдамашысы (07.2007-07.2008);

Өскемен қаласындағы  «Промстрой» ЖШС жобалау тобының сәулетшісі (07.2008-08.2009) ;

Өскемен қаласындағы «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі сметалық-шарттық секторының жетекші маманы (08.2009-07.2009);

«Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өндірістік-техникалық секторының жетекші маманы (07.2009-06.2011);

Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі (06.2011-03.2013);

Өскемен қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары (03.2013-07.2016);

«KazInvestStroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс жөніндегі директоры (07.2016-08.2017);

Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары (10.2017-03.2019);

Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (03.2019-05.2022);

Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы (05.2022-04.2024);

2024 жылдың қарашасынан Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив