455.12 498.99 5.55
A+ A A-

Пойыздарда жолаушыларға арналған интернет тегін бола ма

Пойыздарда жолаушыларға арналған интернет тегін бола ма [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бүгін Үкімет отырысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев жолаушылар пойыздарын интернетке қосу жұмысын түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

- Жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен жайлылығын арттыру үшін пойыздарда интернет қосу жұмыстары аяқталды. Бүгінде 51 бағыттағы 108 пойыздың 1 500-ден астам вагоны Starlink спутниктік интернетімен жабдықталған. Бұл қызметті жыл сайын 11 млн-нан астам жолаушы пайдалана алады. Қазіргі уақытта «Транстелеком» компаниясымен бірлесіп жолаушыларға интернет қызметін ұсыну шарттары пысықталып жатыр. Aitu, WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде мәтіндік хабарламалар алмасу, сондай-ақ жолаушыларға арналған сервистік ақпарат тегін ұсынылады, - деді ҚТЖ басшысы.

Сонымен қатар ол жалпы саладағы цифрлық жүйеге тоқталды.

- Цифрлық жүйе жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастырудан бастап, пойыз қозғалысын басқару, жүкті жеткізу және жолаушыларға қызмет көрсетуге дейінгі барлық процесті қамтиды. Негізгі мақсат — жекелеген процестерді цифрландырумен шектелмей, барлық тасымалдау процесін өзара байланысқан бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіру. Оның тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін магистралдық теміржол желісінде LTE-R технологиясы негізінде ҚТЖ-ның жеке төртінші буын (4G) байланыс желісі құрылады. LTE-R пойыз қозғалысын басқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету үшін деректерді тұрақты жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба 16 000 шақырымнан астам магистралдық теміржол желісін қамтиды. Екі кезеңде шамамен 2 800 базалық станция орнатылады, - деді Е.Отыншиев. 

Бірінші кезең - ТрансҚазақстан теміржол желісі мен Астана – Алматы бағыты 2027 жылы аяқталады. Бұл тасымалдау процесінің тиімділігін 10–15% арттыруға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив