Синоптиктер 6 қазанда алты өңірдің республикалық трассаларында жаңбыр мен қар жауады деген болжамынан «ҚазАвтоЖол» өкілдері жүргізушілерден жылдамдық режимін азайтуға шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауын-шашын Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ Жетісу облысын қамтитын көрінеді. Бұл өңірлердің жолдарында жаңбыр бірте-бірте қарға ұласады.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерден сапарларды жоспарлау кезінде ауа райын ескеріп, жылдамдықты рұқсат етілген шамадан асырмауды сұрайды.
– Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіздік ережелерін сақтауды, сондай-ақ жолдағы ауа райы жағдайының нашарлауын ескеруді сұраймыз, – делінген ұлттық компанияның ақпаратында.
Сондай-ақ жүргізушілерге қашықтықты сақтау, кенеттен маневр жасаудан аулақ болу және ұзақ жолға шығарда автокөлік жағдайын алдын ала тексеру ұсынылады.
Пікірлер